Көрмені қорытындылай келе, шығармашылықпен айналысатын 110 ұстаздың үздік туындылары жинақталған "БАБАЛАР АМАНАТЫ" атты кітап жарыққа шықты.
Көрмені өткізу мен кітапты шығарудағы мақсат – Республикамыздың түпкір-түпкірінде көркем еңбек пәнінен сабақ беріп жүрген дарынды 110 ұстаздың басын қосып, ұлттық өнерімізбен, басқа да өнер жанрымен айналысып жүрген шығармашыл ұстаздардың еңбектерін дәріптеп, ұрпақтан-ұрпаққа беріп келе жатқан төл өнеріміздің құндылықтарын ғасырлар қойнауындағы сәндік қолданбалы өнер жанрларымен басқа да өнер түрлерін байыта отырып ұрпаққа саналы тәрбие беру.
Көркем еңбек пәнінің маңыздылығы, қол-өнер, зергерлік, сәндік қолданбалы өнер түрлері бала тәрбиесіне, сонымен қатар бабаларымыздың ұл мен қызды қалай тәрбиелеуде осы ұлттық өнеріміздің негізгі атқаратын рөлі өте маңызды болған. Сондықтан қай өңірде ұстаздық қылып жүрсе де осы киелі өнерімізді бір адамдай бала тәрбиесіне жұмылдыра білсек, болашақ ұрпақтың рухани тәрбиесі мен білімі ғасырдан ғасырға жалғаса береді деген үміттеміз. Кітапқа енген ұстаздардың ішінде жас мамандармен орта буын ұстаздар және зейнетке шықса да қол өнерімізді бала тәрбиесіне арнаған аға, әпкелерімізбен қарт ұстаздарымыздың да туындылары еніп отыр. Неше жыл еңбек еткен сондай ұлағатты ұстаздарымыздың ерен еңбектері болашақ ұрпаққа үлгі болып қалып жатса, еліміздің тәуелсіздігі мен көк туымыз мәңгі желбіреп, бабалар аманаты ғасырдан ғасырға, саналы, салиқалы, тәрбиелі ұрпағымыздың болашағынан еш алаңдамаймыз дегіміз келеді. Шараны Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, №148 мектеп-гимназия көркем еңбек пәні мұғалімі Кодеков Қанағат жүргізді.